Жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Nur Otan» партиясының XX съезінде сөзінен

«Біз мемлекеттік тілдің қолданылу аясын одан әрі кеңейтуге күш саламыз», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.  

«Біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыратын боламыз. Бұл аса маңызды құжат ұрпақтар санасының серпілісі мен ұлттың жаңа болмысының қалыптасуы үшін негіз болады. Сонымен қатар, біз мемлекеттік тілдің қолданылу аясын одан әрі кеңейтуге күш саламыз. Егер біз ана тілімізді құрметтемесек, еліміз сынға лайық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс, XX съезінде.

ҚР Президенті кез келген шаруашылық қызмет кезінде табиғатты сақтау және қорғау міндеті басты қағидаттардың біріне айналатынын атап өтті.

«Жақында жаңа экологиялық кодекс пен «Жасыл қозғалыс» тұжырымдамасы қабылданады. Біз прагматизм құндылықтарын – үнемділік, қанағат және ұстамдылық мәдениетін орнықтыруымыз керек», – деп сөзін түйіндеді Мемлекет басшысы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button