Жаңалық

Қатаң карантин қашан енгізіледі?

Бүгінде денсаулық сақтау жүйесі стационарларда бір мезетте 70 мыңнан астам төсек-орын ұйымдастыруға дайын екені айтылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов қандай жағдайда қатаң карантин енгізілуі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Онлайн брифингте БАҚ өкілі министрлік өкілінен коронавирустың екінші толқыны кезінде ең жаман сценарий қандай болатынын сұрады.

“Қазір, өздеріңіз көріп отырсыздар, елде орташа есеппен 500-600 адам коронавирус пен ковидтік пневмонияға шалдығып жатыр. Егер бұл цифр 30 мыңға жетсе, елде қатаң карантин шараларын енгізуге басты сигнал дәл осы болады”, – деді Қожахметов.

Ол бүгінде денсаулық сақтау жүйесі стационарларда бір мезетте 70 мыңнан астам төсек-орын ұйымдастыруға дайын екенін атап өтті.

Қазақстанда 13 наурыздан бері барлығы 107 134 адам коронавирус жұқтырды, 1689 науқас қайтыс болды.

1 тамыздан бері ковидтік пневмонияға шалдыққандар саны 30 579 пациентке жетті. 337 адам көз жұмды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button