Жаңалық Редакция таңдауы

Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 3-ші отырысы Астанада өтеді

Бүгін Астанада ТМҰ Х саммиті өтіп жатыр, деп хабарлайды Ruh.kz.

Қазір аумалы-төкпелі заман болып тұр. Халықаралық ахуал да тұрақсыз. Осындай алмағайып кезеңде түркі жұртының бірлігін бекемдей түсу аса маңызды. Бұл – ортақ қауіпсіздігіміздің сенімді кепілі,- деді Тоқаев.

Сонымен қатар қару-жарақ және есірткі саудасына, терроризм мен экстремизмге, көші-қонға қатысты сын-қатерлер көбейгендігін атап өтті.

Мұндай қауіптердің алдын алу үшін қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуымыз керек.

Осы орайда мен келесі жылы Астанада мемлекеттеріміздің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 3-ші отырысын өткізуді ұсынамын. Түркі мемлекеттерінің қаржылық тергеу органдары арасында қылмыспен бірге күресу және ақпарат алмасу туралы келісім жасау маңызды, – деді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button