Жаңалық

«Қазан шегелеу» қандай салт?

«Қазан шегелеу» –  қонақ күтуге байланысты пайда болған қазақ халқының көне салттарының бірі.

«Этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулардың дәстүрлі жүйесі» энциклопедиясында оған «әзіл-қалжыңы жарасқан, көңілжетер, сыйлас, жасы қарайлас адамдар бірінің үйіне бірі барып, дастарқан басында бас қосып, қысқа кешті көңіл көтеру отырысымен өткізуі» деген анықтама беріледі.

Ертеде келген қонақ: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» деген сарында әзілдесе, үй иесі: «Қош келдіңіздер, қазан шегелейтін шебер іздестіріп отыр едік» деп меймандарды құшақ жая қарсы алған.

Дәл осы жиында ән айтылып, домбыра тартылып, түрлі әңгіменің басы қайырылады. Негізгі прагматикасы – жақындар арасындағы ынтымақтастықтың «шегеленуіне» негіз болу. Отырыс аяқталған соң жиналған қауым «пәленшенің қазанын тексеру керек» деп кезегі келген адамға құлаққағыс жасайды.

Бұл дәстүр қыстың бастапқы айларында өтеді. Этнографтар оның себебін малшы, егінші қауымның қарбалас кезеңнен бір сәт қолдары босағанымен түсіндіреді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button