Жаңалық

Қазақ биінің анықтамалығы жасалды

Ұлттық хореография академиясының қолдауымен дайындалған анықтамалық осындай білім орындарындағы жалпы оқу бағдарламасына енгізіледі деп жоспарланған.

Қазақстанда алғаш рет қазақ биінің анықтамалығы жасалды. Оған бұрыннан қалыптасқан тек қазақ биіне тән атаулар кірген. Ұлттық хореография академиясының қолдауымен дайындалған анықтамалық осындай білім орындарындағы жалпы оқу бағдарламасына енгізіледі деп жоспарланған.

Елордадағы Қазақ ұлттық академиясында ұлттық хареография өнерінің зертханасы бар. Қазақ биінің анықтамалығы осы зертханада жинақталды.

«Қазақстанда алғаш рет мынау қазақ биінің атауларын бір жүйеге келтіру мақсатында анықтамалық дайындадық. Ол анықтамалық бір күнні я бір адамның жұмысы емес. Осы жерде жүрген барлық ғалымдар, мұғалімдер атсалысты осы қазақ биімен айналысып жүрген. Осы анықтамалық бойынша біз екі жыл отырып жұмыс істедік.

Қазақ биіндегі ерлердің орындауындағы ең негізгі қимылдардың бірі молдас қимылы. Ірінші халықтық түрі, сахналық түрі білесіздер. Аяғымызды түзу қоямыз. Қазақ биіндегі бір қимылды әр мұғалім әртүрлі атап келді. Анықтамалық соның бәрін бір жүйеге келтіру мақсатында шықты», – дейді Қазақ ұлттық хореографиясы академиясының қызметкері Тойған Ізім.

Жинаққа жалпы оқу бағдарламасына енетін міндетті қимылдар тізімі кірген.

Анықтамалық 12 бөлімнен тұрады. Оның ішінде қол мен аяқ қалыптары, бас ұстау қалыптары көрсетілген. Сондай-ақ станок бойындағы қимылдар енгізілген. Жинақ қазақ, орыс тілдерінде жарыққа шығады. Оны биылғы оқу жылында қолданысқа енгізу жоспарланған.

Ruh.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button