Жаңалық

Қазақ эстрадасының раушан гүлі жайлы не білесіз?

Бүгін кеңестік және қазақ эстрадасының раушан гүлі, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаеваның туған күні. Сопрано дыбысты әнші 63 жасқа толды. Портал ұжымы қайталанбас өнер иесін жаңа жасымен құттықтай отырып, мол бақыт тілейді.

Роза Рымбаева туралы не білеміз?

1. Жарқын жұлдыз Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері;

2. 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ал 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атағын алған;

3. «Қазақтың 100 әні» тізіміне енген әуендердің бірі, белгілі композитор Сейдолла Бәйтерековтің «Әлия» әні әншінің танымал болуына септігін тигізді;

4. Халық жүрегінен ерекше орын алған әнші киноактриса ретінде де көпшілікке белгілі. «До свидания, Медео» фильмінде басты рөлді сомдап, «Первая песня», «Женский взгляд». Роза Рымбаева», «Роза», «Хвост кометы». Роза Рымбаева», «И снова здравствуйте!» сынды бірнеше деректі фидьмдерге түскен;

5. Сопрано жұлдыз ешқандай фонограммасыз, үнемі жанды дауыста ән шырқайды;

6. Өнер иесінің сахнада жүріп, халықтың ыстық ілтипатына бөленіп жүргеніне 50 жылға жуықтады;

7. 1977-1979 жылдары «Песня года» фестивалінің финалдарында және КСРО-ның ең үздік ондығы «Звуковая дорожка» хит-парадында Алла Пугачева мен София Ротарудан кейінгі, 3-орынды иеленіп, үлкен танымалдылыққа ие болған;

8. Зор дауыс иесі Алматы қаласындағы театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетін тәмамдаған;

9. Репертуарындағы үздік композияциялар топтамасы: «Әлия», «Гүлдене бер, туған жер», «Куә бол», «Айгөлек», «Отандастар», «Любовь настала», «Как прежде мы вдвоем», «Озарение», «Атамекен»;

10. Қазақ әндерін ТМД елдерінде, АҚШ, Франция, Түркия, Болгария, Венгрия, Германия, Куба, Польша, Чехословакия, Ауғанстан және т.б. көптеген мемлекетте шырқаған.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button