Мақала

Қазақ халқының рухани бірлігі: қоғамдық ынтымақтастық пен береке

Қазақ халқының рухани бірлігі – ол тек тарихи сабақтастықтың, ұлттық мәдениеттің және тілдің сақталуы ғана емес, сонымен қатар қазіргі қоғамның тұрақтылығы мен болашағының негізі. Қазақтың рухани бірлігі оның мәдени, әлеуметтік, этникалық және діни көптүрлілігіндегі ортақтық пен бірегейлікті сақтай отырып, қоғамды ұйыстыратын, халықтың жарқын болашағына бағыттайтын күшке айналды. Бұл мақалада қазақ халқының рухани бірлігін нығайту жолдары, ұлттық бірлік пен әлеуметтік келісімнің маңызы, сондай-ақ қоғамдағы ынтымақтастық пен береке мәселелері қарастырылады.

Қазақ халқының рухани бірлігі – көп ғасырлық тарихи кезеңдерден өтумен қалыптасқан, халықтың ұлттық сана-сезімін, мәдени мұрасын және ұлттық құндылықтарын сақтап қалған ерекше құбылыс. Қазақ халқының рухани бірлігін зерттеу үшін оның тарихындағы маңызды кезеңдерге көз жүгірту қажет. Қазақтың тарихы мен мәдениеті ұлы даладағы көшпелі өркениеттің ерекшеліктеріне негізделген. Көшпелі өмір салты қазақ халқының дүниетанымында үлкен рөл атқарды. Бұл дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар халықтың рухани негізін қалыптастырып, ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы ұлттың бірлігін нығайтуға қызмет етті.

Қазақ халқының рухани бірлігі негізінен оның ұлттық тілінде, әдебиетінде, музыкасында, өнерінде және дінінде көрініс тапты. Қазақтың тілдік және мәдени бірегейлігі ғасырлар бойы сақталып, кең далада түрлі этникалық топтардың ықпалына қарамастан, өзіндік төл мәдениетін сақтап қалды. Қазақтың дәстүрлі қоғамы әрқашан отбасы мен ру арасындағы қарым-қатынастарды, әдет-ғұрыптарды, той-мерекелерді және діни рәсімдерді жоғары бағалады. Осылайша, қазақтың рухани бірлігі өзінің тарихи тамырлары мен ұрпақтар арасындағы жалғастыққа негізделген.

Ендігі ұлттық бірлік және әлеуметтік келісім тұрғысынан қарастырайық. Ол үшін ұлттық бірлік терминологиясына тоқталсақ дейміз. Ұлттық бірлік – халықтың өзінің ішкі тұтастығын сақтай отырып, қоғамдық, мәдени және әлеуметтік өмірде бірігуінің негізі. Ұлттық бірлікті қалыптастыру мемлекет құруда, тәуелсіздік алған соң әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруда, түрлі әлеуметтік топтардың өзара келісімі мен ынтымақтастығында аса маңызды рөл атқарады. Ұлттық бірлік идеясы әрбір ұлттың өз тарихында, мәдениетінде және дәстүрінде бейнеленеді. Қазақ халқының ұлттық бірлігі – бұл оның тарихи жолы мен сан ғасырлық мәдениеті арқылы қалыптасқан идея. Қазақ қоғамы өзінің мәдени көптүрлілігімен бірге бірегей тұтастыққа ұмтылады. Қазақтың әртүрлі этникалық топтарының, діни сенімдері мен тілдері әрқилы болғанымен, олар ортақ ұлттық құндылықтар, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар негізінде бірлесе өмір сүріп келеді.

Қазақ халқының тарихи және мәдени ерекшеліктері оның әлеуметтік келісім мен ұлттық бірлігін қамтамасыз етудің маңызды алғышарттарын қалыптастырды. Қазақстанда тұратын түрлі этникалық топтардың арасындағы өзара келісім мен құрмет – ұлттық бірліктің негізі. Әлеуметтік келісім мен ынтымақтастықтың басты элементтері – адам құқықтарының сақталуы, ұлттар мен ұлыстар арасындағы теңдік, сондай-ақ экономикалық және мәдени даму мүмкіндіктері. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңінде ұлттық бірлікті нығайту мәселесі ерекше маңызды болды, өйткені бұл – мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізі.

Қазақстандағы әлеуметтік келісім тек қана этникалық немесе діни топтардың арасындағы татулық емес, сонымен қатар қоғамның барлық топтарының тең құқылы, әділ қатынасқа негізделген ынтымақтастығы. Бұл ретте әрбір азаматтың мемлекет алдындағы жауапкершілігі мен міндеттері, сондай-ақ оның ұлттық бірлік пен әлеуметтік келісімге қосқан үлесі ерекше орын алады. Ұлттық бірлік пен әлеуметтік келісімнің нығаюы қазақстандық қоғамда түрлі топтарының арасындағы өзара сыйластық, түсіністік және қолдау арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстандағы қоғамдық ынтымақтастық пен береке ұлттық экономика мен әлеуметтік дамудың бір-бірімен тығыз байланысты екендігін көрсетеді. Экономикалық дамудың негізі – бұл халықтың бірігіп жұмыс істеуі мен ортақ мақсатқа ұмтылуы. Әлеуметтік салада ынтымақтастық пен берекенің маңызы ерекше. Бұл идея қазақ халқының тарихында әрқашан да басым болған. Көшпелі қазақ қоғамында рулық бірлік, бір-біріне көмек көрсету барынша дамыған. Қазіргі заманғы Қазақстанда да бұл құндылықтар өзекті.

Қоғамдық ынтымақтастық пен береке тек қана экономикалық немесе саяси деңгейде емес, сондай-ақ мәдени, рухани және әлеуметтік тұрғыда да көрініс табады. Халықтың ортақ мақсатқа жету жолында бірігуі қоғамдағы барлық адамдардың бақытты өмір сүруі үшін маңызды. Қоғамдық ынтымақтастық пен береке әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ете отырып, халықтың әлеуметтік және психологиялық әл-ауқатын жақсартады. Сонымен қатар бұл қоғамдық құндылықтар мемлекеттік деңгейде қолдау табуы қажет.

Қазақ халқының рухани бірлігін нығайтуда маңызды факторлардың бірі – діни бірлік пен толеранттылық. Қазақстан – көпконфессиялы мемлекет, онда ислам, христиан және басқа да діни сенімдер бар. Діни бірлік пен толеранттылықты сақтау – тек Қазақстандағы ұлтаралық татулықты ғана емес, сонымен бірге еліміздегі әлеуметтік тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудың кепілі. Қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтары мен діни сенімдері әрқашан өзара үйлесімді. Қазақтың дәстүрінде «баршаға бірдей құрмет» принципі қалыптасқан, бұл діни сенімдерге қарамастан адамдардың өзара түсіністігі мен құрметін білдіреді. Исламның, христиандықтың және басқа да діни дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктері мен ғұрыптары бір-бірін толықтырып, қоғамдағы әртүрлі діни топтар арасындағы бейбіт өмір сүруді қамтамасыз етеді. Діни алауыздықтардың алдын алу және діни бірлікті нығайту мақсатында мемлекет діни ғұрыптардың еркін орындалуына қолайлы жағдай қалыптастырып отыр. Діни білімді арттыру мен діни сауаттылықты көтеру, әсіресе, жастар арасында діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу үшін түрлі жобалар іске асырылуда. Сондай-ақ қоғамдағы діни толеранттылықты нығайту үшін мемлекеттік деңгейде діни форумдар, конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Бұлар әртүрлі діни сенімдер мен діни көзқарастарды ортақ алаңда талқылап, бір-бірін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл діни бейбітшілік пен өзара құрметтің орнауына, сондай-ақ жалпы ұлттық бірліктің нығаюына ықпал етеді.

Қазақ халқының рухани бірлігін нығайту – бұл ұлттың мәдениеті мен дәстүрін сақтай отырып, қоғамның өзара ынтымақтастығын арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық процесс. Ұлттық бірлік пен әлеуметтік келісім халықтың өзара түсіністігі мен құрметіне негізделген. Қоғамдағы ынтымақтастық пен береке барлық азаматтардың өмір сүру сапасының жақсаруына, еліміздің болашағының жарқын болуына ықпал етеді. Қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтау, ұлттық тіл мен білім жүйесін дамыту, мәдениет пен өнерді насихаттау, діни толеранттылықты ұстану – барлығы қазақ қоғамының рухани бірлігін нығайтуға арналған нақты қадамдар. Тек осы бағыттарда тұрақты әрі жүйелі жұмыстар жүргізу арқылы Қазақстанның қоғамдық тұрақтылығы мен ұлттық бірлігін одан әрі нығайта аламыз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button