Арнайы жобалар
ҚАЗАҚ ХРЕСТОМАТИЯСЫ I Ыбырай Алтынсарин I Дала ренессансы
«Қазақ хрестоматиясы» кирилл әліппиі негізінде жазылған тұңғыш қазақ оқулығы. Авторы – аса көрнекті ағартушы-ұстаз, этнограф, қаламгер Ыбырай Алтынсарин. 1864 жылы Торғайда тұңғыш қазақ мектебін ашқан Ы.Алтынсарин барлық күш-жігерін мектеп жұмысына, оқу, тәрбие ісіне арнайды. Балаға қажет білім мен тәрбиенің негізгі көзі – оқулық деп қарап, мазмұны қазақ баласының жанынан жақын кітап шығаруды ойластырады. Осылайша, 1876 жылдан оқуылық жазуға кіріседі.
