Жаңалық

Қазақ жаңа әліпбиді игеруге қабілетті - Әнес Сарай

Латынша қазақ әліпбиін игеруге қазіргі біздің қазақ қоғамы дайын,  деп мәлімдеді мемлекеттік сыйлықтың иегері,  жазушы Әнес Сарай.

«Әрбір ұлттың жазу-сызуы, әліппе, таңбалардың өзгеруі үлкен әлеуметтік, саяси мәселелермен астасып жүретіні белгілі. Біздің қазақ қауымы да, жұрты да сонау түрік заманынан бері талай жазуларды өзгертті. Өзіміздің алғашқы төл жазуымыз түрік жазуынан бастап, одан кейін түрлі саяси әлеуметтік жағдайларға байланысты ауысып отырған. Ұйғыр әрпімен жазған кезіміз де болды. Одан кейін араб әрпіне көштік. 20 жылдың басындағы әлеуметтік саяси өзгерістердің кезінде жаңаша жеңілдетілген жаңа алфавитке ауыстық. Одан соң латын алфавитіне ауыстық. Кейін латыннан кириллицаға ауыстырдық. Осындай үлкен жолдарды біз басымыздан кешірдік», – деп сөз басында тарихқа көз жүгіртті мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Әнес Сарай.

Жазушының айтуынша, қазақтың психологиясында осы алфавитті ауыстыру психологиясы сақталған. Қиналмай тез игеріп кету жағынан қабілеті де артқан.

«Дегенмен де, қазіргі таңда көптеген ұлттар өздерінің төл жазуларын ұстап қалуға тырысып отыр. Тіпті мынау өзіміздің іргелес көршілеріміз Армения, Грузия сынды елдер жаңа ғасырдың басындағы жазуларын сақтап келеді. Кириллица 13-14 ғасырдан бастап шыққанын білеміз. Өркениетті елге ұмтылған әрбір ел өзінің жаңа төл жазуын, төл мұраларын ешқашан да естен шығармауы, ұмытпауы керек. Біз де төл мәдениетімізді ұмытпауымыз керек. Сондықтан да жоғарғы оқу орындарында, жоғарғы сыныптарда түрік жазуларына арнаған курстық сабақтар өткізіп, оларға үйретуге және одан көзжазбауға тырысуға міндеттіміз деп ойлаймын», – деді жазушы.

Ол атап өткнедей, қазіргі әлем елдері дүниежүзілік өркениетке латын жазуы арқылы ұмтылып жатқан тұста біз де оған осы алфавит арқылы жақындай түспекпіз. Яғни, мәдени интеграцияға латын әліпбиі арқылы жақындаймыз.

«Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Бұдан біз ұтпасақ, еш нәрседен ұтылмаймыз. Екіншіден, жаңа алфавитке өтудің өзіндік қиындықтары бар деп жатыр. Оның ешқандай қиындығы жоқ. Біздің жастарымыздың бәрі ағылшын, неміс, француз сынды шет тілдерін еркін меңгерген. Олар біздің латын алфавитін еркін меңгеріп кететіні сөзсіз. Бұл жағынан олар сауатты. Сол себепті де бізге ешқандай қиындық туындап тұрған жоқ. Өзіміздің ұлттық тіліміздің өзіндік ерекшеліктерін білдіретін төрт-бес әріптің төңірегіндегі мәселе бар еді. Ол да өз шешімін тапты. Жалпы, мұндай латынша қазақ әліпбиін игеруге қазіргі біздің қазақ қоғамы дайын деп ойлаймын», – деп түйіндеді Әнес Сарай. 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button