Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақ кинотанушысы Қабыш Сирановтың туғанына 110 жыл

Фото: Ruh.kz

Бүгін кино тарихшысы, өнертану ғылымының кандидаты, сценарист Қабыш Сирановтың туғанына 110 жыл. Осы орайда Ruh.kz қазақ кино өнерінің тарихын алғаш рет зерттеп, ғылым саласына айналдырған Қабыш Сирановтың өмірбаянын ұсынады.

Алғашқы қазақ кинотанушысы Қабыш Сиранов 1914 жылғы 11 ақпанда қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Бүкілодақтық кинематография институтының киносценарий бөлімін 1942 жылы бітіріп, "Лениншіл жас" (казіргі "Жас алаш") газеті редакциясында, 1940 - 1942 ж. КСРО Халкомсовы ведомствосында, 1942 - 1946 ж.ж. Орт. біріккен киностудияда, 1954 - 60 ж. "Қазақфильм" киностудиясында сценарист болып қызмет етті.

Оның кәсіпқой сценарист ретінде алғашқы үлкен жетістігі Ұлы Отан соғысы кезінде Сталинградты ерлікпен қорғау баяндалған «Герои штурмуют высоты» фильмінің сценариі болды.Сондай-ақ "Ақ гүл" (1943. В.Г. Морозовпен бірге), "Өмір жолы" (1960, Д.Тарасовпен бірге) көркем фильмдерінің; "Домбыра үні" (1944, С.А. Тимошенкомен бірге), "Алматы" (1945), "Тыңдағы кеңшарлар" (1956) және "Кенен Әзірбаев" (1974), т.б. деректі фильмдердің сценарийін жазды. 

 Бұдан бөлек ол өзінің тәжірибесі мен білімін кинорежиссерлер мен өнертанушылардың жас буындарына жеткізу үшін 1961 - 1976 ж.ж. Әдебиет және өнер институтындағы театр және кино бөлімінде сабақ берді. 

Саналы ғұмырын кинотану саласына арнаған Қабыш Сиранов "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button