Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақ мәдениетін Польшада насихаттап жүрген жас маман

Аманжолов университетінің қызметкері қазақ мәдениетін Польшада насихаттап жатыр. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың маманы Дана Нығманова Лейн Киркланд атындағы халықаралық стипендиялық бағдарлама арқасында шетелде болып, қазақ мәдениетін насихаттау үшін мектептердің бірінде таныстыру жобасын Қазақстанға арнаған. Практикалық бөлім барысында поляк оқушылары қазақ ою-өрнектерін қағаздан қиюды үйренген.

Мен 9 ай зерттеу жүргізіп, Краков қаласындағы Ягеллон университетінде ғылыми жұмыс жаздым. Варшавада Польшаның Ұлттық академиялық алмасу агенттігінде екі апталық тағылымдамадан өттім, – дейді Дана Нығманова.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button