Жаңалық

«Qazaq radiosy» шекара маңындағы ауылдарда хабар таратады

«Qazaq radiosy»-ның 100 жылдығы мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 630 мыңнан астам тұрғыны бар Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының шекара маңындағы 400-ден астам ауыл отандық радиоарналардың хабарларын тыңдауға мүмкіндік алады деп хабарлайды Ruh.kz порталы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

 

Шекара маңындағы аудандарда Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін радиостанциялар желісін кеңейту туралы шешім әзірленді. «Qazaq radiosy» бағдарламаларын тарату басым тәртіппен жүргізілетін болады. Бұл жобаны іске асыру үшін ҚР шекара маңы аумақтарында радиохабар таратудың мемлекеттік желісін дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді.

«Жол картасына сәйкес радиохабар тарату желісін 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін төрт кезеңде дамыту жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Министрлікпен телерадио хабарларын тарату үшін радиожиілік спектрін (РЖС) бөлу бойынша конкурс өткізілді.

Министрлікпен өткізілетін конкурста 107 радиожиілік спектрі бөлінді. Оның 89-ы «Qazaq radiosy», 18-і «Шалқар» радиосы үшін.

Радиожиілік беру 2022-2025 жылдарға арналған ҚР шекара маңы аумақтарында радиохабар таратудың мемлекеттік желісін дамыту жөніндегі Жол картасының 1-кезеңіне сәйкес жүзеге асырылды.

Биыл эфирлік хабар тарату бойынша алғашқы және ең ауқымды радиоарна – «Qazaq radiosy» 100 жылдық мерейтойын атап өтуде. Қазір «Qazaq radiosy» еліміздің 89% аумағында хабар таратады және Қазақстанның барлық шекаралас аудандарын қамтуды жоспарлап отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button