Жаңалық

Қазақ театрлары еліміздің әлемнің 30 үздік елі қатарына қосылуына маңызды үлес қосады – сарапшы

Қазақ театрлары ел дамуына және оның әлемнің 30 үздік еліне кіруіне маңызды үлес қосады. Бұл туралы  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстанның заманауи театр өнері» тақырыбымен өткен баспасөз конференциясында ҚР халық әртісі Мұрат Ахмадиев хабарлады.

Спикердің пайымынша, мәдениет қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

«Елбасы өзінің сөзінде мәдениет ұлттың генетикалық коды деп атады. Қазақ театрлары ел дамуына және оның әлемнің 30 үздік еліне кіруіне маңызды үлес қосады», – деді сөз басында Мұрат Ахмадиев.

Сонымен қатар, Мұрат Ахмадиев ұйғыр музыкалық драма театрының қызметін тілге тиек етті.

Оның айтуынша, аталмыш өнер ошағы шын мәнінде республиканың көпұлтты театр палитрасы бөлігі болып табылатын ұйғыр халқының театр мен музыкалық мәдениетінің орталығы болып табылатын атап өтті.

«Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жыл ішінде Ұйғыр театры жоғары кәсіби деңгейге қол жеткізді және республикамыздың үлкен театрларының армиясымен бірге болды. Оған дәлел Ұйғыр театрына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» «Академиялық» мәртебесін беру туралы тапсырмасы айқын көрініс», – деді Мұрат Ахмадиев.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 52 мемлекеттік театр және әртүрлі бағыттағы 10-нан астам жеке театр бар. 9 республикалық театр Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне, 43 аймақтық театр – жергілікті атқарушы органдар құзыретіне қарайды. Тәуелсіздік жылдары елімізде 19 жаңа театр ашылды, 6 театрға арнайы  ғимарат (Орал, Қарағанды, Астана, Қостанай, Өскемен, Шымкент) салынды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button