Жаңалық

«Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті

Бүгін, Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне орай Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан – ортақ шаңырағымыз» жобасы аясында ұйымдастырған «Қазақ тілі – қазығым» атты мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің 8,9,10-сынып оқушылары арасында байқау өтті, деп хабарлайды ruh.kz.

Байқаудың мақсаты Қазақстандық этностардың мемлекеттік тілді меңгерген жас өкілдерін анықтау, қолдау және ынталандыру, мемлекеттік тілді насихаттау.

Сайыс үш айналым – «Өзін-өзі таныстыру», «Өнер алды – қызыл тіл» көркемсөз оқу, «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» мақал-мәтелді жалғастыра айту айналымдары бойынша өткізілді.

Қала мектептерінен жиналған қатысушыларды ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Парасат», «Құрмет ордендерінің иегері және “Тіл жанашыры” құрметті белгісінің иегері Асылы Осман; Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары, “Құрмет” орденінің иегері Нәлібаев Жәнібек Бәкірұлы; ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет үздігі Ербол Бейілхан; ақын, философ Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы жанындағы «Жас қалам» клубының жетекшісі Мұратхан Шоқан; филология ғылымдарының магистрі, әдебиеттанушы, театртанушы – Ахан Карима Талғатқызы сынды әділқазы мүшелері бағалады.

Байқау жоғары деңгейде өткізіліп, додада оза шапқан қатысушылар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button