Жаңалық

Қазақ тілінің инновациялық жобалары

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер: қазақ тілінің инновациялық жобалары» тақырыбына онлайн сұқбат алаңын ұйымдастырды. 

Іс-шараның мақсаты – ағымдағы жылы жүзеге асырылған мемлекеттік тілді оқытудың инновациялық жобаларын және қазақ терминологиясын жетілдіру бағытындағы жобаларды таныстыру, насихаттау.

Сұқбат алаңында шетелдіктерге қазақ тілін үйретуге арналған «Қазақша үйренеміз» веб-қосымшасының оқу контенттерінің ерекшеліктері, шет тілдерін оқытудың креативті әдіс-тәсілдері, ІТ технологиялардың мүмкіндіктерімен қазақ тілін интенсивті оқытудың тиімділігі және қазақ терминологиясының жетістіктері жайлы ақпараттар көпшілік назарына ұсынылды.

Іс-шарада Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Әдістеме, Ақпараттық технологиялар, Терминология және ономастика басқармаларының қызметкерлері инновациялық жобаларды жүзеге асыру барысындағы үздік тәжірибелерімен бөлісті.

Онлайн сұқбат алаңына еліміздегі облыстық Тілдерді дамыту басқармасы және Тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, ғалымдар, әдіскерлер мен оқытушылар қатысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button