Жаңалық

Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған Марат Бисенғалиевтің концерті өтті

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залының сахнасында әлемге әйгілі скрипкашы-виртуоз және Қазақстанның ізгі ниет елшісі Марат Бисенғалиевтің консерваторияның камералық оркестрімен бірлескен концерті өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Концерт консерватория мерейтойы қарсаңындағы ең жарқын оқиғалардың бірі болып, көрермен көзайымына айналды. Іс-шараға Алматы қаласының мәдениет және музыка қоғамдастығының өкілдері ғана емес, сонымен қатар ҚР СІМ-нің Алматыдағы өкілдігі, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері де қатысты.

Концерт бағдарламасында британдық композиторлар Эдуард Эльгар мен Карл Дженкинстің шығармалары орындалып, классикалық музыка мен қазақ этникалық әуендерінің бірегей синтезі арқылы ерекше үнге ие болды. Этно-музыканттар Анар Қасымова, Абзал Арықбаев және саксофоншы Арухат Мұсаипов концерт бағдарламасына қайталанбас ұлттық нақыштағы қазақы үн қосты.

Концерт алдында консерватория ректоры Гаухар Тасбергенова маэстро Марат Бисенғалиевке Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры атағын салтанатты түрде табыстап, оның Қазақстанның музыкалық мәдениетін дамытуға қосқан орасан зор үлесі мен консерваториямен жемісті ынтымақтастығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, концерттік іс-сапар аясында Марат Бисенғалиев консерваторияның камералық оркестрі студенттері мен жас дирижерлерге арналған бірқатар шеберлік сыныптарын өткізіп, Қазақстанның жаңа буын музыканттарымен өз тәжірибесін бөлісті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button