Жаңалық

Қазақ ұлттық өнер университетінде халықаралық орындаушылар байқауының ашылу салтанаты өтті

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақ ұлттық өнер университетінде «Astana Merey» XX Халықаралық орындаушылар байқауының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Іс-шараға ҚазҰӨУ ректорының міндетін атқарушы Раушан Нұртаза, қазылар алқасының мүшелері, конкурсанттар және өнер сүйер қауым қатысты.

«Осы тамаша іс-шарада сіздерді көргенімізге қуаныштымыз! Біз барлық адамзатты біріктіретін музыка өнеріне құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз. «Astana Merey» байқауы жас таланттарды қолдап, оларды өнер төріне талпынуға ынталандырады. Әрбір жас орындаушыға сәттілік пен шабыт тілейміз», – деді Раушан Нұртаза.

Биыл байқауға Қазақстанның 13 облысы мен 2 республикалық маңызы бар қаладан 160 жас орындаушы қатысып жатыр. Айта кетсек, 6-18 жас аралығындағы қатысушылар скрипка, альт, виолончель, контрабас, арфа, фортепиано және фортепианолық ансамбль номинациялары бойынша өнер көрсетеді. Жас музыканттардың шеберліктері мен таланттарын қазылар алқасының мүшелері бағалап, үздік қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button