Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақ зергерлік өнерінің ерекшелігі қандай?

Қазақтың зергерлік өнері - сәндік-қолданбалы өнердің ертеден келе жатқан және кеңінен тараған түрі.

Ол этнос мәдениетін құрайтын маңызды бөліктердің бірі болып есептеледі. Қазақ халқының ғасырлар тереңіне бойлай енген зергерлік өнері ерте замандағы шеберлердің тамаша дәстүрлерін жалғастыруда.

Қазақтардың зергерлік өнері кәсіби сипат алған, бұл өндіріс ерекшелігімен байланысты болды. Алтын және күміспен жұмыс істейтін шеберлерді «зергерлер» деп атаған, «зер» – парсыша алтын, әшекей деген сөзді білдіреді.

Зергерлердің басты өнімдері – әйелдердің әшекейлері қоғам арасында үлкен сұранысқа ие болған, мұның өзі олардың эстетикалық табиғатымен ғана емес, сонымен бірге салт-санаға, дәстүрге, барлық идеялық – діни кешенге байланысты бірқатар функциялық мән-мағынамен айқындалған.

Қазақ зергерлік өнерінің ерекшелігі шағын түрінің өзіндегі көрнектілік пен мүсіндік мығымдылықтың сақталуында, әшекейлерінің орналасу симметриясында, әшекейі мен негізінің бірқалыпты алмасып отыруында. Қазақ зергерлері металл көркемдігіне әрқашан да ерекше мән берген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button