Жаңалық

#Қазақбілген: Елі, қарыс, құлаш

Ғылым-білім дамыған заманда біреуді бір фактпен таңқалдыру қиын. Бәрі бәрін біледі. Бұл нешеме жылдар бойы үздіксіз дамып, өркендеп келе жатқан зерттеу жұмыстарының, тәжірибелердің, ғылыми еңбектердің арқасы.

Десе де, ғылым дамымай тұрған кезде, институт пен университеттер болмаған кезде де #қазақбілген кәсіп пен тұрмыстың қыры қаншама?!. Бүгін ескіше өлшем бірліктеріне, оның ішінде ұзындық өлшемдеріне тоқталсақ:

Ұзындық және қашықтық өлшемдері мүлде екі ұғымды, екі түрлі өлшемді білдіреді. Бір заттың (таяқтың, арқанның) ұзындығын (1,5см), екі елі, үш елі, тұтам, сынық сүйем (14-15см), сүйем (17-18см), қарыс, кере қарыс (20-22см), кез (50см), аршын (75см), құлаш (1,80-2м), т.б. өлшем бірліктермен анықтайды.

Кез – көне өлшем бірлік сөзі. Шамамен 70-80 см-ге тең (дәлірек айтқанда 71, 12 см-ге) ұзындық өлшемі;

Елі – сұқ саусақтың екінші буынының еніне тең өлшем. 1 елі – 2 см;

Сүйем – қазақтың ұзындық өлшемін білдіретін метрологиялық сөз. Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты керген кездегі ұзындық. 1 сүйем – 18 см;

Сынық сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық, бір сүйемнің төрттен үш бөлігі 14-15 см;

Қарыс – бас бармақ пен шынашақтың керіп ұстағандағы арасы. 1 қарыс – 23 см;

Құлаш – иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының аралығына тең өлшем. 1 құлаш – 8 қарыс – 2,5 шариат кезі – 167,5 см;

2 таяқ тастам жер – 1 құлаш;

Аршын – шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық, метрге тең өлшем, кез. Аршын – 75 см-ге тең өлшем бірлік.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button