Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстан-Албания: Дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Албания Республикасының Президенті Байрам Бегайдың екі ел дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығына орай бірлескен мәлімдеме жасады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен 2023 жылғы 6 қыркүйекте Албания Республикасының Президенті Байрам Бегай Қазақстан Республикасына ресми сапармен келді.

Мемлекет басшылары келіссөздер жүргізіп, 30 жылда қол жеткізген дипломатиялық қатынастардың даму нәтижелеріне жоғары  баға берді. Қазақстан мен Албания арасындағыынтымақтастықты арттыруға, түрлі салалардағы байланыстарды тереңдетуге уағдаласты. Президенттер екі ел арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың жоғары динамикасын құптады.

Тараптар жаһандық және өңірлік деңгейде бейбітшілікті, қауіпсіздікті, тұрақтылықты нығайтуға ниеттерін білдірді. Олар халықаралық құқыққа және БҰҰ Жарғысының негізгі қағидаттарына қатысты ұстанымдарының мызғымайтынын атап өтті. Осыған байланысты Албания Президенті БҰҰ Өңірлік орталығын және Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігін Алматыда құру туралы бастаманы жоғары бағалады.

Екі ел басшылары инвесторлар үшін тұрақты, ашық іскерлік ортаны қалыптастыру үшін бар күш-жігерін салуға, сондай-ақ өзара ынтымақтастық жобаларына жәрдемдесуге және инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге келісті.

Сонымен қатар визалық талаптардан өзара босату туралы екі елдің үкіметаралық келісімінің сәтті күшіне енгенін атап өтіп, ел азаматтарының жүріп-тұруы үшін барынша қолайлы жағдай жасауға және көші-қон саласындағы ынтымақтастықтың нормативтік базасын кеңейтуге бағытталған шараларды зерделеуге әзір екендерін айтты. Сондай-ақ екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашуға және авиациялық рейстер мен бағдарлар санын одан әрі ұлғайтуға мүдделік танытты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша, мемлекет басшылары жасалған уағдаластықтар әртүрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беретініне және Қазақстан мен Албания халықтарының мүдделеріне қызмет ететініне сенім білдірді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button