Мақала

Qazaqstan - birliktin' aq besigi

Елімізде 1998 жылдан бері Қазақстан халқы тілдері күнін атап өту дәстүрлі болса да, ұлттық сананы жаңғырту, ұлттық болмысты жандандыру әрекеттері шараның маңызды бір бөлігіне айналуда.

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында Тілдер күні аясында өткен “Qazaqstan – birliktin’ aq besigi” атты XXI облыстық фестиваль 350 адамның басын қосты. Шара бағдарламасы өңір аумағындағы ұлттар мен ұлыстардың тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және тарату, ұрпақтың халықтық мәдениет пен дәстүрге деген жаңаша көзқарасын қалыптастыру мақсаттарын арқалаған. Мерекелік шарада ұлттық қолөнер туындыларының көрмесі ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама тамашаланды. Мерекеге түрлі ұлыстардың өкілдері белсенді атсалысты.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқына арнаған алғашқы Жолдауында қазақ тілінің рөлін күшейтіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру керек деген болатын. Бүгінгі шара ұйымдастырушыларының да діттеген мақсаты сол болды. Жиынның салтанатты ашылуында сөз алған Солтүстік Қазақстан облыс әкімінің орынбасары

Руслан Әлішев:

Қазақ тілі Абай, Мағжан сөйлеп кеткен тіл. Мемлекетті тіл Қазақстан халқының саясатының басты бірлігі. Бүгінгі күні мекемелерде мемлекеттік тілде іс жүргізуді жетілдіру үшін қажетті материалдық-техникалық базалар жабдықталуда. Облыста барлық этникалық топтарының мәдениетін дамытуға жағдай жасалып отыр. Қазақ тілін латын алфавитіне көшіру уақыт талабы және өркениет өрісі екендігі де халық арасында жемісті жалғасуда

 

деп тілдің бүгінгі тынысына қысқаша сипаттама берді.

 

Латын әліпбиіне көшу саясаты бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Барлық қарулы күштердің ішінде ең бірінші болып ұлттық ұлан әскері латын тілінде оқу-әдістемелік жинақ дайындаған. Шараның салтанатты марапаттау рәсімінде облыс әкімінің Құрмет грамотасын иеленген ҚР Ұлттық ұлан 6637 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық бөлімше бастығының көмекшісі Самал Есімсейтова «Еліміздің тыныштығын көздің қарашығындай қорғайтын әскерилер көк туымызды қалай қастерлесе, тілімізді де солай құрмет етеді»,- деген ойын журналистерге жеткізді.

 

Сондай-ақ, тілдерді дамытуға қосқан зор үлесі үшін әр түрлі саланың үздік мамандары СҚО әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы жыл бойы аудандар арасында мемлекеттік тілде құжат жүргізу бойынша байқау жариялаған болатын. Ел арасында тілге деген құрметтің бұқаралық сипаты айқындалып, Айыртау ауданының мамандары үздік деп танылды. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі шығыс құжаттарын толықтай 100 пайыз, ал кіріс есептерін 97 пайыз мемлекеттік тілде жүргізеді екен. Шара мерекелік концертпен жалғасты.

 

Солтүстік Қазақстан облысы, «Рухани жаңғыру» жобалық офисі

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button