Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстан – дүниежізіндегі дін өкілдері тату тұратын мекен

Рухани келісім, ұлттар мен діндер арасындағы бірлік – баға жетпес байлық. Қазақстан – біздің отанымыз, үлкен шаңырағымыз. Шаңырақтың керегесі кең болуына уықтың мықты, бекем болуы әсер етеді. Елімізді еңселі шаңырақ деп есептесек, түрлі ұлттар мен ұлыстардың ауызбіршілікпен бір шаңыраққа ұйысуы зор күшті талап етеді. Демек шаңырақ шайқалмау үшін уық мықты түзілуі тиіс…

Қазақ халқы «Отаны бірдің – тілегі бір, тілегі бірдің – жүрегі бір»  деп текке айтпаған. Бүгінде елімізде жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір ұлттар мен ұлыстар арасында бейбітшілік пен конфессияаралық келісім сақталуда.

Дінді реттеп отыратын мемлекет болса, бұл көрсеткіш біздің мемлекетеміздің дұрыс әрі көреген де толерантты саясатының арқасында  көпұлтты Қазақстан Республикасының бейбіт өмір кешіп, өзара тату-тәтті, ынтымақ, бірлікте өмір сүріп отырғанын дәлелдейді. Бұл өте үлкен жетістік әрі мақтаныш, сондай-ақ заманауи дін үлгілері мен ежелгі дін үлгілерінің арасындағы өзара байланыс діни сабақтастықты ұрпақтан ұрпаққа салауатты түрде жеткізіп отырғанын көрсетеді.

Қазақстан – көпэтносты және көпконфессиялы, әртүрлі мәдениеттер тоғысқан ел. Дәл қазіргі таңда Қазақстанның кең әрі тыныштықтың туын желбіреткен қара шаңырағының астында 130-дан астам ұлт өкілдері мемлекетіміздің ұлттар арасындағы достықты, діндер арасындағы түсіністікті жүзеге асыруының нәтижесінде тыныш та бейбіт өмір сүруде.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button