Жаңалық

«Қазақстан Еуразиялық өркениет контекстінде» монографиясы Қостанай облысында үш тілде таныстырылды

Монографияның негізгі мақсаты – Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында аталған мақсаттарға негізделген.

М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде доцент, философия ғылымдарының кандидаты Р.Қ.Әбдірахманованың және философия PhD докторы Р.Б.Есмұратованың авторлығымен шыққан «Қазақстан Еуразиялық өркениет контекстінде» монографиясы таныстырылды.

Авторлар өңірлік, этностық, діни, саяси ерекшеліктерді ескере отырып, еуразиялық мәселелерді зерделеуге назар аударады. Басты назарда Қазақстан Республикасын мекендейтін барлық халықтардың тағдырында бар, мәдениеттер диалогымен сипатталатын Қазақсандағы жағдайды тану болып отыр.

Философия ғылымдарының докторы, М.Тынышбаев атындағы Қазақстан Көлік және коммуникациялар академиясының философия профессоры Серік Мырзалының айтуынша, «Монография өз уақыттылығы мен көтерілген проблемалардың көкейкестігімен ерекшеленеді. Батысқа қарай таңданып және қызығып қараған, бүкіл шындық олардың қолында және олар тарихта салған жолмен қозғалу қажет деген заман өтті».

Монография Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Ломоносов атындағы ММУ-де 1994 жылы 29 наурызда сөйлеген сөзіне, оқыған. Л.Н.Гумилевтың идеясына, сондай-ақ қазіргі уақыттағы Еуразиялық перспективаларына ерекше көңіл бөлінген өз бетінше ғылыми зерттеуді білдіреді.

Презентацияға жоғары оқу орындарының докторанттары және магистранттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен сарапшылар, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button