Жаңалық
Қазақстан халқы 19 млн адамға жетті
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттерінде сүйіншіледі.
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния – отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!», – деп тіледі Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Қазақстанның стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ел халқының саны 18 млн 984,8 мың адамды құраған.
Жәния Азаматқызына мәнді де мағыналы ғұмыр тілейміз!