«Қазақстан жастары – 2020» ұлттық баяндамасы талқыланды
Бүгін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Қазақстан жастары – 2020» ұлттық баяндамасының талқылауы өтті.
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасының сегізінші басылымын дайындады.
Баяндама соңғы ғылыми зерттеулер мен мемлекеттік органдардың өзекті ресми статистикасын талдау негізінде құрылған. Ағымдағы жылда жаһандық COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясының қазақстандық жастардың жағдайы мен тіршілігіне қалай ықпал еткені зерттелді. Жастардың әлеуметтік-демографиялық топ ретіндегі ұстанымдарын ескергендігі аталмыш құжаттың басты ерекшелігі болып табылады.
Жыл сайынғы қорытынды талқылауға «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының негізін қалаушы, ғылыми кеңесшісі Ракишева Б.И., Питцер колледжінің ұйымдастырушылық зерттеулер адъюнкт-профессоры, PhD Джунисбай Барбара (Калифорния, АҚШ), Назарбаев Университетінің доценті, PhD Каса Рита (Рига, Латвия) және т.б. мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Ұлттық баяндамада уәкілетті мемлекеттік органдарға арналған практикалық ұсынымдар мен ұсыныстар дайындалды. Сондай-ақ сарапшылар қауымдастығы мен фокус-топтық зерттеулер нәтижесіне сүйене нақты шаралар әзірленді.
«Біріншіден, бізге жетпейтін үлкен мәселелердің бірі – салыстырмалы зерттеулер. Мәселен, бүгінгі еңбек нарығына келіп жатқан 18-дегі бала мен осыдан 10-20 жыл бұрынғы еңбек нарығына келген жастардың айырмашылығы неде, олар бір-бірінен несімен ерекшеленеді, қандай талап-тілегі, мақсат-мұраты бар деген секілді зерттеулер болса, жұмыс берушілерге де, саясаттың айналасында жүрген азаматтарға да қызық тақырып болатын сияқты. Екінші мәселе – бүгінгі замандағы буындар теориясы. Мысалы, қазіргі күні Америкада ниетсіз адамдар тұңыш рет дүниеге келуде. Ондағы халық үшін бұл болмаған жағдай. Үшінші мәселе – «Жастар» ғылыми зерттеу орталығына алғыс айту керек. Меніңше, осыған қатысты бүкіл аймақтық және басқа да зерттеулерді топтастырсақ, болашақта таптырмас дерекке айналар еді», – деді мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарым.
Баяндаманының соңында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов қорытынды сөз сөйледі.
«Құрметті әріптестер, сарапшылар қауымы, ең алдымен баршаңызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Барлық, отандық және шетелдік сарапшылардың пікірін біріктіріп, пысықтап, ұлттық баяндаманың жұмысына енгізіп, сіздерге жылдың аяғына дейін жібереміз. Одан кейін жастар саясатының заңына сәйкес, мемлекет басшысына енгізіледі», – деді вице-министр.
Айта кетейік, баяндаманың өзектілігі мен жаңалығы аталмыш құжатта сарапшылар жаһандық коронавирустық пандемия аясында мемлекет пен азаматтық қоғам жастарға қалай көмектесе алады деген сұрақтарға жауап табуға тырысатындығында.