Жаңалық

Қазақстан жастарының бәсекеге қабілеттілігі талқыланды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін талқылауға арналған «Azamattyq alan» кезекті отырысы өтті деп Ruh.kz порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Azamattyq alan» отырысы барысында қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігі мен ары қарай атқарылатын жүйелі жұмыс жөнінде айтылды.

Кеңеске сараптамалық және ғылыми қауымдастық, азаматтық сектор және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Сонымен қатар, талқылауға «100 жаңа есім жобасының» жеңімпазы Мәулен Бектұрғанов, «Қазақстан дауысы» жобасының жүлдегері Әлібек Альмадиев, Есен Елеукен, Шәкәрім Сейсенбай және т.б. белгілі тұлғалар ат салысты.

Талқылау қорытындысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жетілдіру және одан әрі тиімді іске асыру бойынша жастардың қатысуымен нақты бағыттар мен жаңа тәсілдер қалыптастырылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button