Жаңалық
Редакция таңдауы
Қазақстан жеңіл атлетика тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатында «алтын» медаль алды
Орегонда (АҚШ) жеңіл атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионатында әйелдер арасында 3000 метрге кедергілермен жүгіру жарыстарының финалы өтті, деп хабарлады Vesti.kz.
Жарыстың негізгі фавориттерінің бірі Қазақстан өкілі Нора Джеруто болды. Ол белгіленген қашықтықты 8:53.02 уақыт аралығында жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанды. Бұл алтын медаль Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы бірінші «алтын» болды.
Екінші орынды эфиопиялық спортшы Веркуха Гетачью (8:54.61), ал үшінші орынды оның отандасы Мекидес Абебе (8:56.08) жеңіп алды.
Бұған дейін біліктілік жарысында да Джеруто 9:01.54 уақытымен үздік нәтиже көрсеткен болатын.
Еске сала кетейік, Кенияның тумасы Нора Джеруто Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2022 жылы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға ресми рұқсат алған еді.