Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының Орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және Кафедраларының қауымдастығы мүшелері, беделді сарапшылар мен ғалымдар қатысты.

Кездесу барысында сарапшылар тиімді этносаралық диалог пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі өзекті міндеттерді, этносаралық қатынастар мәселелерін, сондай-ақ «Біріктірілген ұлт» жобасының бастамасын талқылады.

Саясаттанушы Жандос Қарынбаев «Қазақ-поляк байланыстарының тарихы танымал тұлғалардың мысалында»  атты кітабын таныстырды.

Іс-шара соңында қатысушылар алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтіп, Қазақстандағы этносаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button