Жаңалық Арнайы жобалар Редакция таңдауы

«Қазақстан халқына» қоры денсаулық пен білім салаларында жаңа жобаларды бекітті

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің кезекті бетпе-бет отырысын өткізді.

Отырыста «QH – жабдықпен жарақтандыру бөлігінде онкологиялық қызметті дамыту» қайырымдылық жобасы бекітілді. Жобаның мақсаты – қатерлі ісіктерді диагностикалауды жақсарту, түрлі локализациялардағы ісіктерді сәулелік терапияда жаңа технологияларды енгізу, науқастарға радиологиялық көмек көрсету сапасын жақсарту. Жоба Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде іске асырылып жатыр.

Жоба ел өңірлерін жоғары технологиялық заманауи онкологиялық жабдықтармен (желілік электронды үдеткіштер, виртуалды модельдеу функциясы бар компьютерлік томографтар, нейрохирургия мен жұлын хирургиясына араласудың барлық түрлерін жүргізуге арналған навигациялық жүйе) жарақтандыруды көздейді. 2023 жылы Абай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалаларындағы медициналық ұйымдар үшін жалпы сомасы 19 872 717 мың теңгеге жабдық сатып алынады.

«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасының жаңа редакциясы бекітілді. Жобаға қосымша түрде еліміздің 17 өңіріндегі 63 ауылдық мектеп енгізілді.

Осыған дейін жоба аясында Білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлесе отырып 17 тірек мектеп құрылып, олардың материалдық-техникалық базасы толығымен жаңартылды және жаңа білім беру технологиялары ұсынылды. Бағдарлама бойынша серіктестер мектептерде білім беру ортасы мен оқыту сапасына талдау жүргізді, сондай-ақ мектептерді дамыту және білім беру сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірледі, мұғалімдер үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

Жобаның жалғасы аясында еліміздің 80 ауылдық мектебінде материалдық-техникалық база жақсартылады. Жобаға қатысатын әрбір мектепте мектепалды даярлық және робототехника кабинеттерін, мультимедиялық кабинет пен STEM-зертхананы, заманауи жаңа зертханасы бар физика және химия кабинеттерін және басқаларын қоса алғанда, білім берудің барлық пәндері мен бағыттары бойынша жаңа заманауи модификация кабинеттері жаңартылады. Сондай-ақ, әкімшілік кабинеттері мен шаруашылық блогынан басқа, мектептің акт және спорт залдарында, мұғалімдер мен асханада жиһаздар мен жабдықтарды жаңарту жоспарлануда.

Ауылдық мектептердің басшылары мен мұғалімдері үшін НЗМ облыстық филиалдарының базасында Педагогикалық шеберлік орталықтарында пәндер бойынша, оның ішінде жаңартылған оқыту бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары, сондай-ақ объективті (критериалды) бағалау, цифрлық сауаттылық және тәрбие жұмысы бойынша курстар ұйымдастырылады.

Жобаның бюджеті. «Қазақстан халқына» қоры мектептердің материалдық-техникалық базасын жалпы сомасы 15 750 млн теңгеге жарақтандыруды қаржыландырады. Қордың серіктесі – Білім беруді тұрақты дамыту қоры жоба шеңберінде әр мектепте талдамалық және мониторингтік зерттеулер жүргізеді, пән мұғалімдері үшін жалпы сомасы 65 млн теңгеге оқыту іс-шараларын жүзеге асырады және жобаның әкімшілік шығыстарына 234 млн теңге бөледі.

Жобаны іске асыру ауыл оқушыларына басқа өңірге көшпей немесе элитарлық мектептерге іріктеуден өтпей-ақ, өздері тұратын жерде сапалы білім алуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан талапкерлерге жыл сайын берілетін білім беру гранттарының саны 850-ді құрайды.

Қор «Қазақстан халқына» ҚҚ гранттары бойынша оқитын студенттер үшін жоғары оқу орындарындағы оқу ақысы мен шәкіртақыны төлеуді жалғастырады.

«Қазақстан халқына» ҚҚ-ның 2022 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілді. Көрсетілген жылдық қаржылық есептілік тәуелсіз аудитор – «Эрнст энд Янг» ЖШС-нің аудиторлық есебімен расталды, оған сәйкес Қордың 2022 жылғы жылдық қаржылық есептілігі Қордың 2022 жылғы 31 желтоқсандағы қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның қаржылық нәтижелері мен ақша қозғалысын барлық маңызды аспектілерде ашық көрсетеді.

Кеңесте бекітілген мәселелердің толық тізімі Қордың сайтында.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button