Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстан мен Халықаралық валюта қоры арасындағы ынтымақтастық жоспарлары талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ХВҚ-ның республикадағы миссиясының басшысы Николя Бланше Қазақстан мен Халықаралық валюта қоры арасындағы таяу және орта мерзімді перспективаға арналған ынтымақтастық жоспарларын талқылады, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Үкімет

Кездесу барысында Үкімет Халықаралық валюта қорымен серіктестікке үлкен мән беретіні және оның Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтыны атап өтілді.

Премьер-Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта Қазақстанда салық-бюджет саясатын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бюджеттік процестерді оңтайландыруға, бюджетаралық қатынастарды жақсартуға және жалпы мемлекеттік қаржыны басқару сапасын арттыруға бағытталған жаңа Бюджет кодексі әзірленуде.

Бұдан бөлек, жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр.

Біздің басты міндетіміз – макроэкономикалық тұрақтылықты және тұрақты экономикалық өсуді әрі қарай қамтамасыз ету. Осы тұрғыда Халықаралық валюта қорына тұрақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз, — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Николя Бланше Қазақстанның болашақта ауқымды экономикалық өсуге қол жеткізуі үшін қуаты мен мүмкіндіктері жеткілікті екенін атап өтті.

Біз республиканың қарқынды өсу жолындағы амбициясын көріп отырмыз және қол жеткізген жетістіктерін ескереміз. Прогресс көптеген салада байқалады. Бұл өсімге қандай жолмен қол жеткізілетіні өте маңызды. Біз кеңестеріміз бен ұсыныстарымызда дәл осы жолдарды көрсетеміз. Біздің ойымызша, жеке сектор мемлекеттің қолдауымен жетекші рөл атқаруы керек, — деді ХВҚ-ның Қазақстандағы миссиясының басшысы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button