Қазақстан мен Ресейдің мәдени байланыстары: театр, кино және көрмелер

Қазақстан мен Ресей 30 жыл бұрын қол қойылған мәдени және ғылыми алмасу туралы келісімге негізделген гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты белсенді дамытуды жалғастыруда. Содан бері елдер ХШЖК-де «Орыс маусымдары» және «Қазақ киносының күндері» секілді ауқымды шараларды, театр және кино спектакльдерімен алмасуды, сондай-ақ бірлескен көрмелер мен концерттерті ұйымдастырады. 2023 жылы Ресейде театр гастрольдері мен үздік қазақ фильмдерінің көрсетілімі өтті, бұл халықтар арасындағы мәдени байланыстар мен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.
Қазақстан мен Ресей халықтар достығының маңызды көпіріне айналған мәдени ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда. 2024 жылы қазақстандық ұжымдар, оның ішінде Ақтөбе облысының Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қазақ камералық хоры, «Салтанат» би ансамблі және Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» орындаушылар ұжымы Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахань және Қазан секілді маңызды мәдени алаңдарында өнер көрсетті. Тамыз айында Мәскеу қаласында Астананың және қарашада Қазан қаласында Абай облысының мәдениет күндерінің өтуі, сондай-ақ қазақстандық өнерпаздардың халықаралық фестивальдерге қатысуы өзара түсіністік пен біздің елдердің мәдени мұраны сақтауға деген ұмтылысының жоғары деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар 2024 жылы Қазақстанда ресейлік суретші Максим Кантордың жеке көрмесі өтті. Қазақстандық делегациясының мерейтойлық Х-шы Санкт-Петербург халықаралық Біріккен мәдениеттер форумына қатысуы болды. Оған 50 елдің ресми делегациялары және халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды тұлғалары қатысты.
Қазақстанда этномәдени әртүрлілікті сақтауға үлкен көңіл бөлінеді, соның бір мысалы ретінде, М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрын және А. Островский атындағы Орал орыс драма театрын қоса алғандағы тоғыз орыс драма театрын атап өтуге болады. Сонымен қатар, еліміздегі мемлекеттік театрлардың көпшілігінде орыс тілді труппалар табысты жұмыс істейді, бұл мәдени байлықты сақтауға және ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етеді.
Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени және театрлық байланыстар белсенді дамып келеді. Соңғы жылдары көптеген ірі театр іс-шаралары, соның ішінде фестивальдар, гастрольдер мен шеберлік сабақтары іске асырылды. Мысалы, ағымдағы жылдың маусым айында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Х.Левенсхольдтың жаңартылған «Сильфида» балетінің премьерасы өтті, онда хореограф Леонид Сарафанов (Мариин театрының премьері) мен Ресейдің халық әртісі Вячеслав Окунев қатысты. Сонымен бірге, ағымдағы жылдың қазан айында. Ресейдің Мемлекеттік академиялық Үлкен театрында «Астана Опера» театрының солистері А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсын орындады.