Қазақстан мен Үндістан: Қауіпсіздік мәселелері жөніндегі 4-ші диалог
3 тамызда Астанада Үндістан-Қазақстан төртінші қауіпсіздік диалогы өтті. Үндістаннан келген делегацияны Жоғары Мәртебелі Викрам Мисри Мырза, Үндістанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары басқарды. Үндістан делегациясы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары Нұржан Қаджиақбаров басқарған қазақстандық делегациямен нәтижелі талқылаулар өткізді, деп хабарлады Үндістан елшілігінің баспасөз қызметі.

Қауіпсіздік диалогы шеңберіндегі талқылаулар екі елдің, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды қоса алғанда, өзара қызығушылық тудыратын екіжақты аймақтық және халықаралық мәселелерге қауіптер мен қиындықтарға бағытталды. Екі тарап та осы мәселелер бойынша көзқарастардың ұқсастығын білдіріп, терроризмге қарсы күрес, радикалдандыру, есірткіні бақылау және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, тиісті ұйымдар арасындағы қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту туралы келісті.
Сапар барысында Мисри мырза Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовпен кездесіп, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш мырзамен келіссөздер жүргізді. Үндістан делегациясы екі ел арасындағы екіжақты стратегиялық қатынастарды ескере отырып, әртүрлі қызығушылық тудыратын нысандарды аралады.