Жаңалық

Қазақстан нумизматикасы

Павлодарда «Қазақстанның материалдық және рухани мәдениеті» атты көрмелер өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Азия кеңістігін мыңдаған жылдар бойы мекен еткен әр түрлі халықтардың материалдық және рухани мәдениетін терең зерттеу қажеттілігіне назар аударады.

Осыған орай «Павлодар қаласының №5 Жалпы орта білім беру мектебі» Мемлекеттік Мекемесінде Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын іске асыру аясында кешеннің салтанатты ашылуы өтті. «Қазақстан халқының материалдық және рухани мәдениеті» жобасы үш жылға жоспарланған.

Көрермендердің назарына үш экскурсия ұсынылды: «Қазына іздеу және нумизматика», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары», «Қазақстан нумизматикасы».

Экскурсияда әлемнің және Қазақстанның ең қызықты қазыналарын көрсететін тақырыптар мен суреттерге қатысты қызықты фактілер жиынтығы ұсынылды. Көрмеде КСРО мен Қазақстан Республикасының түрлі мемлекеттік марапаттары қойылған планшеттер, Қазақстанға, Павлодар облысына және Павлодар қаласына арналған тақырыптық планшеттер (төс белгілер) ұсынылған.

Тарих пәнінің мұғалімі Виктор Петрович Столяровтың коллекциясындағы Қазақстан Республикасының, Ресей империясы, КСРО және Қазақстан аумағындағы орта ғасырлық мемлекеттердің 200 жүзге жуық түпнұсқа монеталарына арналған 29 көрме парақтары қойылды.

Алған білімдерін бекіту мақсатында оқушыларға түрлі тапсырмалар ұсынылды: жалған және түпнұсқа монеталарды анықтау; монетадағы монограмма қай билеушіге тән екендігін анықтау; монетада қай қайраткердің портреті, оның неге бейнеленгенін айту және т.б.

Сондай-ақ, Қазақстан тарихы және қосымша тарихи пәндер бойынша мамандандырылған әдебиеттердің шағын көрмесі ұсынылды: нумизматика, бонистика, фалеристика және т.б.. Экскурсия жүргізушілері сыйлық бонустарын ұсынып, қызықты және мазмұнды әңгіме өткізді. Жоба-кешені қаланың жалпы орта білім беру мектептерінде немесе басқа да оқу орындарында ұсынылуы мүмкін.

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button