Жаңалық
Редакция таңдауы
Қазақстан өңірлерінде Абай есімімен аталған қанша елді мекен, көше, мектеп бар?
Жергілікті әкімдіктердің ақпаратына сәйкес өңірлерде Абай есімімен аталатын 1441 көше, 12 даңғыл, 99 мектеп, 4 колледж және 1 театр бар.
![](/storage/storage/element/2023/08/11/mainphoto/CpcDAKu3RZCIvA47Q57GIIDk9MaDnC8HJgFnUBSQ.jpg?time=1701082279)
Былтыр Президент Жарлығымен Абай облысы құрылып, әкімшілік орталығы болып Семей қаласы белгіленді. Одан бөлек Қазақстанда 1 қала, 3 аудан және 28 елді мекенге ұлы ақынның есімі берілген.
«Қазақстанда Абай Құнанбайұлына 30-дан астам ескерткіш орнатылған. Сондай-ақ әлемнің 18 мемлекетінде ұлы тұлғаға арналған монументалды өнер кешені бар. Атап айтқанда, Ташкент, Мәскеу, Бішкек қалаларында Абайдың ескерткіші болса, Ренн, Бейжің, Каир, Будапешт, Тегеран, Стамбул, Нью-Дели, Женева, Париж, Сараево, Тбилиси, Берлин, Сеул, Харьков және Баку қалаларында бюсті қойылған»,– деді Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев.