Жаңалық
Редакция таңдауы
Қазақстан Орталық Азиядағы авиациялық қауіпсіздік саласында үздік атанды
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Қазақстанды авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі саласындағы өңірлік көшбасшы деп атады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, авиациялық қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференцияда Талғат Ластаев еуропалық сарапшылар аудитінің жоғары нәтижелерін атап өтті. Қазақстан ұшу қауіпсіздігі саласында ИКАО стандарттарына сәйкестігін, сондай-ақ аудит нәтижелері бойынша авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жоғары көрсеткіштерді растады.