Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстан ҚХР-дағы Жастарды дамытудың дүниежүзілік форумына қатысты

Ауқымды іс-шара Бейжің мен Шэньчжэньде, ондаған елдерден 80 көшбасшы мен 300 делегатты, сондай-ақ бүкіл әлем өкілдерін онлайн форматта бір алаңға жинады, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Форумның ашылу салтанатында ҚХР басшысының атынан құттықтау оқылды. Си Цзиньпин іс-шара қатысушыларын құттықтап, бүкіл әлем жастарын жастар ынтымағы мен ынтымақтастығы тарихының жаңа тарауын бастауға шақырды.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов «Жастардың ынтымақ пен инновациядағы күші: орнықты даму үшін бірлескен күрес» форумына қатысып, Қазақстандағы жастарды дамыту саясатының тәжірибесімен бөлісті.

Форумның негізгі мақсаты – бүкіл әлемдегі жастар жаһандық дамуға үлес қоса алатын және жастардың дамуына ықпал ету үшін жаһандық күш-жігерді біріктіретін көпжақты платформа құру. Бұл форум екінші рет өткізіліп отыр. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас көшбасшылар мен мүдделі тараптар үшін жастардың құқықтарын, мүмкіндіктерін кеңейтуді талқылайтын көпжақты алаң, – деді Евгений Кочетов.

Айта кетейік, ҚХР-да Жастарды дамытудың дүниежүзілік форумы бірінші рет 2022 жылдың шілдесінде өтті. Оған 100-ден астам елден 2000 жас делегат қатысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button