Жаңалық
Қазақстан-Ресей: Кедендік ынтымақтастық келісімі ратификацияланды
Ресей мұнайын Қазақстанға жеткізу кезінде уақытша кедендік декларациялау алып тасталады, деп хабарлайды Ruh.kz.

Депутаттар Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық келісімі туралы хаттаманы ратификациялады. Мұндай екіжақты құжат 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға 2022 жылы 18 шілдеде Мәскеуде қол қойылды. Мақсаты – Ресей мұнай өнімдерін Қазақстанға жеткізу кезінде уақытша мерзімді кедендік декларациялауды алып тастау. Т
үзетулер бәсекелестіктің дамуына, сондай-ақ баға белгілеу және жеткізу мерзімдері бөлігінде өз мүдделерін ескере отырып, мұнай өнімдерін еркін сатып ала алатын қазақстандық кәсіпкерлер үшін оң әсер ететін болады.