Жаңалық
Арнайы жобалар
Редакция таңдауы
Қазақстан робототехникадан жаңа рекорд орнатты

Робототехника елімізде қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Бұл салаға, әсіресе, жастардың қызығушылығы күн санап артып келеді. Соңғы өткен халықаралық чемпионаттың барлығында дерлік қазақ жастары үздік атанып отыр. Мұның сыры неде? Робототехника дегеніміз не, және оның негізгі бағыттары қандай? Бұл салаға мемлекет қаншалықты көңіл бөліп отыр?
«Айтары бар» подкасттың бұл шығарылымы көпшілік естіген, бірақ қыр-сырын біле бермейтін робототехника тақырыбына арналды. Студияға арнайы шақырылған қонақтар ел көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, бұл салаға қатысты өз пікірін ортаға салды.