Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстан-Швеция: Стокгольмде екі ел ынтымақтастығының жаңа көкжиектері талқыланды

Бүгін швед астанасында өткен саяси консультациялар барысында Қазақстан-Швеция ынтымақтастығының перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі Р.Василенконың Швеция Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дж.Кнуцсонмен және Бас директорының орынбасары П.Эриксонмен екіжақты саяси диалог орнатып, ынтымақтастығының басым бағыттары бойынша тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға бейілділігін білдірді. Сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың жемісті дамып отырғаны айтылды.

Р.Василенко сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру және екіжақты қарым-қатынастардың шарттық-құқықтық базасын дәйекті әртараптандыру нығая түсетінін айтты.

Өз кезегінде, швед сыртқы саяси ведомствосының өкілдері де Швецияның Орталық Азиядағы жетекші серіктесі ретінде Қазақстанмен диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік танытты.

Келіссөздер барысында тараптар халықаралық мәселелер мен көпжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіне ерекше назар аударды. Тараптар ядролық қарусыздану жөніндегі Стокгольм бастамасы шеңберінде әрі қарай тиімді ынтымақтастықты орнату және осы саладағы өзге де халықаралық мәселелерді ілгерілету туралы сөз қозғады.

Сонымен қатар Р.Василенко Швеция СІМ өкілдерін Қазақстанның негізгі сыртқы саяси басымдықтары мен конфессияаралық диалогты ілгерілету бойынша жоспарлары туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ұйымдастырылатынын айтты.

Анықтама: Швеция – Қазақстанның Солтүстік Еуропадағы маңызды серіктесі. Қазақстан Республикасы мен Швеция сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар – екіжақты өзара іс-қимылдың тиімді құралы. Консультациялардың алдыңғы легі 2021 жылы онлайн режимде ұйымдастырылған болатын.

Өткен жылдың соңында екіжақты тауар айналымы 2021 жылмен салыстырғанда 40%-дан астамға өсіп, 325,9 млн долларды құрады (экспорт – 96,1 млн. доллар, импорт – 229,8 млн. доллар). 2023 жылдың тоғыз айында тауар айналымы 365,8 млн. долларға жетті (экспорт – 47,5 млн. доллар, импорт – 318,4 млн. доллар).

2022 жылы Швециядан Қазақстанға 51,5 млн. долларын құрайтын ТШИ тартылды, 2005 жылдан бері жалпы сомасы 600 млн. долларды құрайды. Қазақстанда швед капиталының қатысуымен 40-тан астам компания тіркелген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button