Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстан-Солтүстік Ирландия матчы: жанкүйерлер стадионды қоқыстан тазартып, жұртты сүйсіндірді

Жексенбінің кеші қазақстандық спортсүйер қауым үшін ерекше өтті. Ел құрамасы Еуро-2024 турнирінің іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландия командасын 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Ruh.kz.

Кездесу елордадағы «Астана Арена» стадионында өтті.

10 қыркүйек күні Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрама командалары арасындағы кездесуде «Астана Арена» стадионы лық толып, 30 мыңға жуық билет толығымен сатылып кетті.

Жанкүйерлердің белсенділігі ғана емес, олардың ауызбіршілігі де жұртты сүйсіндірді. Өйткені матч аяқталғаннан кейін олар асығыс шығып кетудің орнына айналасын қоқыстан тазартты. Тазалық акциясына «Астана жастары» КММ еріктілерімен қатар, жанашыр жанкүйерлер де атсалысты.

Олар осы арқылы жұрт назарын аударып, сүйікті қаламызда тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырғысы келді. Себебі қаламыздың құлпыруы әрқайсымыздың қолымызда.

Игілігі мол бұл бастаманы танымал блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушылары байқап, назарларынан тыс қалдырмады. Олар еріктілердің стадионды тазартып жүргені туралы парақшаларында оқиға орнынан кадрлар жариялап, игі істің насихатталуына ықпал етті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button