Жаңалық

Қазақстан суретшілері Абай жүрген өлкені аралап сурет салды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени әдеби-мемориалдық қорық-музейінде Қазақстан суретшілерінің «Киелі Шыңғыстау» көрмесі ашылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл көрмеде Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына орай ұйымдастырылған симпозиум барысында жасалған туындылар орын алды. Бір апта бойы Қазақстанның әр өңірінен келген суретшілер Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды халқының ұлы перзенттерінің іздері қалған жерлермен жүріп, ауасын жұтып, көрікті де шежірелі Шыңғыстау өңірінде: Бөрілі, Күшікбай асуы, Тұма көлі, Жидебай, Үйтас, Кіші Орда, «Абай-Шәкәрім» кесенесі, Абай аналары – Ұлжан мен Зере зираты, Кеңгірбай би мазары, Шыңғыстау, Архат тауларының әсем жерлерінде, табиғат аясында плэнер өткізіп, 110-нан аса өнер туындысын салды.

https://baq.kz/storage/36/36f492c3115d3970a9b4d419fbb1137b.JPG” style=”height: 600px; width: 900px;” />

Көрме кезінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбеков симпозиумға қатысқан барлық суретшілерге ризашылығын білдірді. Музей басшысы Астана қаласының Суретшілер Одағының төрағасы, мәдениет қайраткері Т.Ермеков, ҚР Суретшілер Академиясының толық мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, академик М.Байтенов, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, академик М.Туксаитов, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, кескіндемеші және график, педагог Т.Байғалиевке «Абай» медалін табыстады.

https://baq.kz/storage/26/267170cb4f846d2cf99853accce5cc7e.JPG” style=”height: 600px; width: 900px;” />

Астана қаласының Суретшілер Одағының төрағасы Т.Ермеков Абай музейінің бір топ қызметкерлерін Астана суретшілер Одағының «Құрмет» төсбелгісімен марапаттады.

https://baq.kz/storage/aa/aabf0beec50002dd0660e397cae5fe77.JPG” style=”height: 600px; width: 900px;” />

Симпозиумға қатысқан суретшілер Абайдың қара шаңырағына 50-ден астам туындыларын тарту етті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button