Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстан «Travellers Awards» IV басылымының марапатына ие болды

Фото: СІМ

«Peridista Digital» испандық цифрлық басылымының ұйымдастыруымен «Travellers Awards» сыйлығын табыстау салтанатында Қазақстанның туристік мүмкіндіктері таныстырылды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Көрермендердің назарына Қазақстанның табиғи пейзаждары мен көрікті жерлері бейнеленген бейнероликтер ұсынылды.

Бұл іс-шараға Мадрид мэрі, аймақтық билік пен болу еліндегі дипломатиялық корпустың басшылары, сондай-ақ жергілікті БАҚ және туризм саласындағы компаниялардың өкілдері қатысты.

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев өз сөзінде Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық әріптестікті, еліміздің «Ұлы Жібек жолындағы» тарихи рөлін атап өтіп, испандық туристерді Қазақстанда өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырды.

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан жаңа туристік бағыт ретінде ақпараттық ілгерілету тұрғысынан туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін «Travellers Awards» IV басылымының марапатына ие болды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button