Жаңалық

Қазақстанда 8 колледж жабылды

ҚР Білім және ғылым министрлігі 8 колледждің лицензиясын қайтарып алды. Осыған байланысты олардың қызметі толығымен тоқтатылды деп хабарлайды Ruh.kz порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Білім және ғылым министрлігі оқу орындарының білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп, тиісті материалдық-техникалық базасы жоқ колледждерді анықтады. Ол оқу орындарында сабақ жүргізілмеген немесе мектеп түлектері сол колледждерге (бірінші курсқа) оқуға түсуге қызығушылық танытпаған.

«Мысалы, Көкшетау заң колледжі мен Талдықорған заң колледжінде білім алған студенттер түлек атанған соң, аталмыш оқу орындарының басшылығы лицензияларын өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдады. Жалпы жабылған колледждердің студенттері басқа оқу орындарына уақытылы ауыстырылса, оқытушылары жұмыспен қамтамасыз етілді», – делінген баспасөз хабарламасында.

ҚР БҒМ колледждердің білім беру қызметіне қатысты мониторинг жұмыстарын алдағы уақытта жалғастыра бермек.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button