Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
Өткен аптада еліміздің орталық органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші жаңа лауазымы енгізіліп, Қазақстанның Ливан мен Германиядағы екі Елшісі жұмыстарына кірісті.
Атап айтсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жаңа енгізілген Мемлекеттік кеңесші қызметіне Ерлан Тынымбайұлы Қарин тағайындалды.
Ерлан Қарин 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туған.
1997 жылы К. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аспирантурасын бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты.
1997-1998 жылдары – Ақтөбе қаласының №33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі.
1998-2000 жылдары – Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары.
2000-2002 жылдары – Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.
2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі.
2003-2004 жылдары – Республикалық «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, заманауи саясат Халықаралық институтының бас директоры.
2004-2006 жылдары – Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы.
2006-2008 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.
2008 жылғы ақпан-қараша – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2008-2013 жылдары – «Нұр Отан» ХДП-ның стратегиялық даму бойынша хатшысы.
2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
2017-2019 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорация» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
2019 жылдың сәуірі мен 2020 жылдың шілде аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2020-2022 жылдары аралығында ҚР Президентінің көмекшісі.
2022 жылы 5 қаңтардан 14 маусымға дейін Мемлекеттік хатшы қызметін атқарды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақытжан Шөмішбайұлы Сариев Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы болып тағайындалды.
Бақытжан Сариев 1971 жылғы 24 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Мамандығы бойынша – инженер, заңгер.
1996-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің маманы, аға маманы, референті, аға референті лауазымдарында жұмыс істеді.
1999 жылғы мамырдан 2019 жылғы наурызға дейін сыртқы саясат ведомствосы жүйесінде қызмет атқарды: 1999-2002 жылдары – Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік департаменті Кадр және бақылау басқармасының Бақылау бөлімінің бастығы;
2002-2003 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Аппараты Кадр басқармасының бастығы;
2003-2007 жылдары – Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысы;
2007-2019 жылдары – Сыртқы істер министрі Кеңсесінің басшысы;
2016 жылғы ақпаннан 2017 жылғы қазанға дейін Сыртқы істер министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі міндетін қосымша атқарды.
2019 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2019 жылдың шілдедесінен 2022 жылдың маусымына дейін Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Нұрлан Онжанов 1960 жылы 25 қарашада бұрынғы Талдықорған облысында дүниеге келді. Германистика мамандығы бойынша Гумбольдт атындағы Берлин Университетінің филология факультетін бітірген, филология ғылымдарының кандидаты.
1983-1986 – Алматы қаласында филология доценті;
1986-1992 – Мәскеу қаласында ғылыми қызметте;
1992-1994 – ҚР Баспа және бұқаралық ақпарат министрлігінің бөлім бастығы және министрдің кеңесшісі;
1994-1996 – Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты, Халықаралық бөлімінің аға референті;
1996-1997 – Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы кейін кеңесшісі;
1997-2001 – ҚР Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі;
2001-2002 – ҚР Сыртқы істер министрлігі, Экономикалық саясат департаментінің директоры;
2002-2003 – Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы;
2003-2004 – ҚР Сыртқы істер вице-министрі, ТМД істері комитетінің төрағасы, «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі;
2004-2007 – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары;
2007-2008 – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
2008-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Дания Корольдігіндегі Елші міндетін қоса атқарушы;
2014 жылғы шілдеден ҚР Президентінің көмекшісі болған. 2019 жылдың наурызынан Қазақстан Республикасы Президенті кеңсесінің басшысы қызметін атқарды.
ҚР Президентінің Жарлығымен Расул Берекетұлы Жұмалы Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Ол әр жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарған.
ҚР Үкіметінің қаулысымен Назгүл Ерікқызы Сағындықова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Назгүл Сағындықова 1978 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының жетекші маманының м.а. болып бастады.
2001-2005 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.
2005-2018 жылдары – «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басшылық қызметтерін атқарды.
2018-2020 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі инспекторының м.а., инспекторы – Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі.
2020 жылғы қарашадан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі – Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі болды.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Марат Едігеұлы Шоранов Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.
Марат Шоранов 1975 жылы 24 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Академик Б.У.Жарбосынов атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Урология ғылыми орталығының аспирантурасын бітірді. Rollins School of Public Health (Emory University) магистрі, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, медицина ғылымдарының кандидаты.
Академик Б.У. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында (Алматы), радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ (Семей), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істеді.
2008–2009 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры (Алматы).
2009–2011 жылдары – Emory университетінің Клиника жобалары бойынша менеджері (Emory University, Rollins School of Public Health, Атланта, АҚШ).
2012 жыл – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК экологиялық зерттеулер орталығының басшысы (Астана қаласы).
2012–2013 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК бас директорының медициналық ғылым және білім жөніндегі орынбасары.
2013–2014 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры.
2014–2015 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры.
2015 жылы – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ трансформация департаментінің директоры.
2016–2017 жылдары – «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарушы директоры.
2017-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2019 жылдың сәуір-қыркүйек айларында Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2019-2020 жылдары – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2022 жылдың маусымына дейін ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарған.