Қазақстанда халықтың мәдениет саласына деген қызығушылығы артып келеді (ШОЛУ)
Қазақстан өткен жылдың сәуір айынан бастап ел азаматтарының мәдени және рухани жаңғыруына дең қойды. Осылайша еліміздегі мәдениет дамудың жаңа деңгейіне шығуда, себебі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет ретінде көрсетілген. Қазақстан өзінің мәдениетін халықаралық фестивальдарда, байқауларда таныстырып, біздің әртістеріміз жүлделі орындардан көрінуде. Осы ретте, ruh.kz порталы Сіздердің назарларыңызға соңғы жылдардағы Қазақстанның мәдениет саласындағы жетістіктерін ұсынады.
Әлеуметтік зертеулердің мәліметіне сәйкес, соңғы үш жылда халықтың мәдениет саласында көрсетілген қызметтің сапасына көңілі толып отырғанын және тұрақты динамика өсімін көрсетуде: 2014 жылы – 67,9%, 2015 жылы – 69,1%, 2016 жылы – 70,3%,
МСМ атап өткендей, мәдениет ұйымдарының жұмысы да оң нәтижеге қол жеткізуде. Соңғы үш жылда елміз бойынша 37 мыңнан астам спектакль қойылды, 16,9 мың концерт ұйымдастырылды, музейлер мен музей-қорықтар 22,4 мың көрме өткізді.
«Кітапхана ісінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақ ұлттық электронды кітапхананы (ҚазҰЭК) құру бойынша жобаны дамытуға басымдылық берілген, бүгінде оның қорында 30 мыңнан астам құжаттың электронды көшірмесі бар», -деп хабарлады ведомстводан.
КазҰЭК жобасын жүзеге асыру аясында электронды қорды кеңейту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде, ол ұлтымыздың негізгі зияткерлік ресурсы болуға бағытталған. ҚазҰЭК қоры жы сайын шамамен 3 мың көшірме электронды құжаттармен толығады.
Олар «Мәденимұра» ұлттық стратегиялық жоба аясында шығарылған кітаптар, авторлары немесе меншік құқық иесі ұсынған сирек кездесетін Қазақстанның тарихы, экономикасы, мәдениеті, өнері, ғылымы туралы кітаптар.
2016 жылы ҚазҰЭК-ға келгендер саны әлемнің 116 мемлекетінен келген 53,1 мың адамнан асты, ал 2015 жылы әлемнің 115 елінен 60 мың адам келді.
Бұдан басқа, отандық киноиндустрияда жақсы дамып келеді.
«Қазақфильм» АҚ киностудиясында көркем, деректі және анимациялық фильм өндірісінің технологиялық желісі қамтамасыз етілген.
Компанияның түрлі жанрдағы және форматтағы киноларды түсіруге мүмкіндік беретін заманауи және жоғарыбілікті құрал-жабдықтары бар.
Егер марапаттар туралы айтатын болсақ, біздің кинематографистердің соңғы үш жылда 200-ден астам картиналары 150 кинофестивальға және әлемнің 48 еліне халықаралық көрсетілім көрсетіп, 100-ден астам жүлдеге қолжеткізді.
2014 жылы 15 отандық картина 36 кинофестиваль мен халықаралық деңгейдегі кино көрсетілімге қатысып, 11 жүлде ұтып алды.
2015 жылы 23 қазақстандық картина 15 кинофестиваль мен халықаралық деңгейдегі кино көрсетілімге қатысты, оның ішінде «А» санатындағы 2 фестиваль бар.
2016 жылдың қорытындысы бойынша 23 қазақстандық фильм 28 халықаралық кинофестивальға қатысып, 14 жүлдемен қанжығасын майлады.
Мәдениет министрлігінен еске салып кеткендей, Ұлт жоспары аясында «Мәңгілік Ел» кешенді жоспары жасақталды, ол 2015-2020 жылдар аралығында қазақтың көне заманнан бергі тарихы мен мәдениетін, заманауи өмірін, тарихи тұлғалар мен азаматтары туралы сыр шертетін көп сериалы кинолар мен тележобаларды жузеге асыруға бағытталған.
Гүлтай Хасенова