Жаңалық

Қазақстанда IT-кәсіпкер әйелдер арасындағы байқауға өтінім қабылдау басталды

Фото: Aurora Tech Award

IT саласындағы стартаптардың негізін қалаған әйелдер үшін Aurora Tech Award 2025 байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 85 мың долларды құрайды. Іріктеу 2024 жылғы 2 қыркүйек пен 21 қараша аралығында өтеді.

Aurora Tech Award премиясының мақсаты – ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіпкер әйелдерді қолдау. Бастама 2020 жылы іске қосылып, жыл сайын стартап негізін қалаған әйелдерді қолдап, әйел көшбасшылардың табыс табуына шабыт береді және оны қалыпты жағдайға айналдырады. Өткен жылы Қазақстаннан үш кәсіпкер халықаралық байқаудың шорт-тізіміне енді: Your Accessible Guide компаниясының тең құрылтайшысы Надежда Анпилогова, Porte Tech негізін қалаушы Айдана Айтуарова және Ozim платформасының негізін қалаушы Әсем Тәжіба.

Осы маусымда ұйымдастырушылар бірқатар маңызды өзгеріс енгізді:

– Жүлде қоры $85 000-ға дейін ұлғайды. Енді жүлде бес қатысушыға  беріледі: бірінші орынға $30 000, екінші орынға $20 000, үшінші орынға $15 000 және төртінші және бесінші орындарға әрқайсысына $10 000-нан.

– Финалистер тәлімгерлік бағдарламасынан өту мүмкіндігіне ие болады. 2-2,5 ай бойы олар өз жобаларын дамыту үшін саладағы жетекші сарапшылардан құнды кеңестер мен қолдау алады.

– Өтінім беру процесі енді үш кезеңнен тұрады: ең перспектив өтінімдерді алдын ала іріктеу, 100 іріктелген жоба үшін питч-сессия, содан кейін қазылар алқасы 15 финалистті анықтайды.

Технология саласындағы әйелдерді қолдай отырып, біз тең мүмкіндіктерге ғана емес, жаңа идеяларға да жол ашамыз. Әйел-кәсіпкерлер қазіргі мәселелерді шешу үшін жаңа көзқарас қалыптастырады. inDrive компаниясы ретінде біз әйелдердің технология саласындағы жетістіктері көптеген салаларға оң өзгерістер әкелетініне сенеміз. Aurora Tech Award – алуан түрлі және инновациялық болашақты қалыптастыруға қосқан үлесіміз, – дейді inDrive-тың операциялық жетілдіру және тұрақты даму жөніндегі директоры Ася Вильдт.

Премияға қатысу үшін стартаптар мынадай талаптарға сәйкес болуы керек: компанияның негізін қалаушы немесе негізгі басшылардың бірі әйел болуы керек; стартаптың құрылу уақыты бес жылдан аспауы тиіс; жалпы тартылған қаржыландыру көлемі, seed-раундты қоса есептегенде $4 миллионнан аспауы керек; өнімнің функционалды прототипі болуы қажет. MVP-сыз жобалар қарастырылмайды. Қатысуға ниет білдірушілер өтінімді 2024 жылғы 2 қыркүйек пен 21 қараша аралығында Aurora Tech Award сайты (https://www.auroratechaward.com/) арқылы бере алады, ал финалисттер мен жеңімпаздар 2025 жылдың көктемінде жарияланады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button