Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері дамытылады

Энергетика министрлігі, «Полиметалл Евразия» ЖШС, «KEGOC» АҚ, «Qazaq Green» ЖЭК ассоциациясы» ЗТБ жаңартылатын энергия көздері бойынша ынтымақтастық және жобаларды қолдау туралы төрт жақты келісімге қол қойды.

Қазақстан жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамытуға кірісті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму тұжырымдамасы әзірленуде. Үкімет электр энергетикасын дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша жұмыс істеуде, елдің 2035 жылға дейінгі энергетикалық балансы дайындалуда.

«Жобаларды іске асыру Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, қосымша инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ «жасыл» электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

Бүгінгі күні жалпы энергия теңгерімі құрылымында ЖЭК сапалы өсуіне қол жеткізілді – ол 3%-ға жетті. Қасым-Жомарт Тоқаев өз тапсырмасында жаңа ахуал мен ағымдағы оң динамиканы ескере отырып, электр генерациясындағы ЖЭК үлесін 2030 жылға қарай 15%-ға дейін арттыру міндетін қойды. Президент Қазақстан энергетикалық ел бола отырып, болашақта да жаңа энергетикада көшбасшылық позицияны сақтап қалуға тиіс деп есептейді.

Polymetal халықаралық алтын өндіру компаниясы жасыл энергетиканың дамуына өз үлесін қосуды жоспарлап отыр. Оның Абай және Қостанай облыстарындағы жобасы бес жыл ішінде екі күн электр станциясын және бір газ поршенді маневрлік электр станциясын салуды көздейді. Жаңа жасыл генерация Қазақстанды жылына 80 МВт-тан астам таза электр қуатымен қамтамасыз етеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button