Жаңалық

Қазақстанда корей фильмдерінің фестивалі өтеді

Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы 21-25 сәуір аралығында корей фильмдерінің онлайн фестивалін ұйымдастырады деп хабарлайды Ruh.kz порталы орталықтың сайтына сілтеме жасап.

Фестивальдің мақсаты – Қазақстан халқын корей кинематографы саласымен жақын таныстыру.

«Біз пандемияға қатысты ахуал барынша жылдам жақсарғанын тілейміз. Биыл маңызды дата, яғни Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында түрлі іс-шаралар ескерілген. Жалпы, Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы мәдениет саласындағы байланыстар түрлі іс-шаралар арқасында жанданады деп сенеміз. Бұл тұрғыда екі ел халқының терең өзара түсіністігіне ықпал ететін болады», – деді Корей мәдени орталығынығ директоры Ли Херан.

Айта кетейік, бес күнге жалғасатын іс-шара аясында Корей мәдени орталығының ресми сайтында танымал корей режиссері Пон Джунхоның «Паразиттер» фильмі көрсетіледі.

«Паразиттер» триллер элементтері бар комедиялық-драмалық фильмі Оскардың 6 номинациясына ілінген еді. Нәтижесінде, 2020 жылы шығармашылық топ «Үздік фильм», «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік түпнұсқа сценарий», «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациялардында 4 мүсіншені иеленді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button