Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанда некелесу неге азайды?

2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан Республикасында 55,1 мың жұп неке қиған, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 15,2%-ға аз.

Ranking.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, некеге тұру саны бір жылда қала бойынша 5%-ға (42,6 мың) дейін, ауылдарда – бірден 38,1%-ға (12,5 мың) дейін қысқарды.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 9 мың жұп  ажырасқан, бұл бір жыл бұрынғыдан 5 пайызға аз. Ажырасу көрсеткіші қалаларда 3,1%-ға (7,1 мың) дейін, ауылдарда – 11,8%-ға (1,9 мың) дейін азайды.

Өңірлерге келетін болсақ, 7,1 мың жұп некелерін Алматыда тіркеген. Бұл ең жоғарғы көрсеткіш. Үздік үштікке Түркістан (6 мың) және Алматы (5,6 мың) облыстары енді. Ал, Солтүстік Қазақстан облысында небәрі 1,5 мың жұп некелесті.

Ажырасу деректері бойынша жарты жылда Алматыда 1,2 мың, Алматы облысында 1 мың және Қарағанды облысында ​​937 жұп некелерін бұзды. Ең аз ажырасу көрсеткіші Қызылорда облысында (201) тіркелді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button