Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанда некені тіркеу мерзімі қысқартылады

Қазақстанда некені тіркеу мерзімі екі есе қысқартылады. Мұндай жаңашылдық ҚР Әділет министрлігінің жаңа бұйрығына енгізілмек.

Министрліктің осы жылдың 28 шілдесінде қол қойылған бұйрығына сәйкес, некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамдардың келісімі бойынша тіркеуші орган некені тіркеу күнін тағайындайды. Бұл туралы өтініште, сондай-ақ өтініштерді есепке алу журналында белгі қойылады.

Неке бірлескен өтініш берілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні тіркеледі. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.

Дегенмен, тіркеуші орган бастығының шешімімен неке келесі жағдайларда 15 күнге дейін қиылуы мүмкін: жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар. Барлығы құжат жүзінде расталуы тиіс.

Тіркеуші орган бастығы некеге тұру мерзімін ұзарта да алады. Бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.

«Жекелеген жағдайларда неке қиюды мемлекеттік тiркеудi күту мерзiмi неке қиюды мемлекеттік тiркеуге кедергi келтіретін мән-жайлар болған кезде ғана тіркеуші органның бастамасы бойынша ұзартылуы мүмкiн. Күнтізбелік он бес күнді қысқарту туралы немесе ұлғайту туралы рұқсатты тіркеуші органның бастығы, ал ол болмаған кезде оның мiндетiн атқарушы адам неке қию туралы өтінішке қарар түрінде бередi», – делінген құжатта.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button